Астанадағы «Барыс Арена» мұз сарайында Халықаралық Олимпиада күніне орай хоккейден Barys Fest балалар турнирі ұйымдастырылды. Аталған жарысты Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті «Барыс» хоккей клубымен бірлесіп өткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Турнирге елорданың сегіз командасы қатысты. Кездесу кросс-айс форматында, яғни көлемі кішірейтілген мұз айдынында өтті. Бұл формат жас хоккейшілердің шайбамен жиі жұмыс істеуіне, ойын барысында жылдам шешім қабылдауына және қарқынды сәттерде мол тәжірибе жинауына мүмкіндік береді.









