Қазақстан құрамасы эстафеталық жүгіруден Азия чемпионатын екі медальмен аяқтады

Қытайдың Шаосин қаласында эстафеталық жүгіруден Азия чемпионаты аяқталды , – деп хабарлай ды Aikyn.kz.

Қазақстан құрамасы жарысты екі медальмен қорытындылады.

ҚР ҰОК мәліметінше, ж арыстың алғашқы күнінде 4×400 метрлік аралас эстафетада Эльнор Мухитдинов, Мария Шувалова, Андрей Соколов және Аделина Земс чемпион атанып, 3:16.75 нәтижесімен Қазақстан рекордын жаңартты.

Әйелдер арасындағы 4×400 метрлік эстафетада Анна Шумило, Мария Шувалова, Аделина Земс және Александра Залюбовская мәреге төртінші болып жетті. Алайда Шри-Ланка құрамасы жарыс ережесін бұзғаны үшін жарыс қорытындысынан шеттетілді. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы үшінші орынға көтеріліп, қола медаль иеленді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.