Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Румынияның Изворани қаласында өткен триатлоннан Еуропа кубогы кезеңінде тағы бір медаль жеңіп алды. Қазақстандық спортшылар аралас эстафетада 1 сағат 34 минут 56 секунд нәтижемен екінші орынға ие болды.
Күміс жүлдені Диана Ержанова, Алуа Нұрмұхамет, Алхам Мұрат және Арсений Шевченко жеңіп алды. Румыния құрамасы 1:34:31 нәтижемен бірінші, Түркия командасы 1:35:42 көрсеткішімен үшінші орын алды.
Бұған дейін Диана Ержанова жекелей жарыста алтын медаль иеленген еді.










