Әйелдер теннисінен Қазақстан құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Ұлыбританияның Лондон қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің ширек финалына шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
1/4 финал жолдамасы үшін өткен матчта қазақстандық теннисші Германия өкілі Татьяна Мариямен кездесті.
Алғашқы сет қарсыласының еншісінде қалды. Алайда кейінгі екі сетте Рыбакина басымдық танытып, жеңіске жетті. Қорытынды есеп – 6:7 (5:7), 7:5, 6:0.
Енді Қазақстан құрамасының өкілі жартылай финалға шығу үшін Ұлыбритания теннисшісі Кэти Бултермен кездеседі.








