Маунтинбайктан Қазақстан құрамасының өкілі Денис Сергиенко Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қазақстандық спортшы XCO дисциплинасында екінші нәтиже көрсетті. Сергиенко жарыс жолын 1:24:47 уақытта аяқтады.
ҚР ҰОК мәліметінше, алтын медальді жапониялық Рики Китабаяси жеңіп алды. Үздік үштікті қытайлық Юань Цзиньвэй түйіндеді.
Айта кетейік, бұған дейін жастар санатында Юлия Ли XCO және XCC дисциплиналарында екі қола медаль жеңіп алған болатын.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.








