Қазақстандық файтер Дастан Амангелді Oktagon 89 турниріндегі жекпе-жегінде жеңіске жетті. Ол жарыс кардындағы алғашқы кездесуде франциялық Моктар Бенкасиді төрешілер шешімімен ұтты.
Бұл — Дастан Амангелдінің Oktagon ұйымындағы екінші жеңісі. Енді қазақстандық спортшының кәсіби ММА-дегі көрсеткіші 11-1 болды. Сонымен қатар ол қатарынан алтыншы жеңісіне қол жеткізді. Бұған дейін Амангелді қазақстандық Naiza лигасында өнер көрсетіп, онда 9-1 рекордын тіркеген.
Ал оның қарсыласы Моктар Бенкаси үшін бұл қатарынан екінші жеңіліс болды. Франциялық спортшының қазіргі рекорды — 25-11.
Айта кетейік, Oktagon 89 турнирінің басты жекпе-жегінде тағы бір қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов өнер көрсетеді. Ол аса жеңіл салмақтағы чемпион ретінде жеңіл салмақ дивизионының белбеу иегері, бразилиялық Игор Севериномен кездеседі. Ресми деректерде бұл айқас чемпион мен чемпион арасындағы басты кездесу ретінде көрсетілген










