Қазақстандық Алан Құрманғалиев Түркияның Ыстамбұл қаласында өтіп жатқан жастар арасында үстел теннисінен әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды , – деп жаз ды Aikyn.kz.
Жұптық сында отандасымыз Иран өкілі Беньямин Фараджимен бірге өнер көрсетіп жатыр. Ширек финалда олар Үндістан құрамасының өкілдері Абхинандх Прадхивади мен Приянудж Бхаттачарьяны 3:2 есебімен жеңді.
Осылайша, Алан Құрманғалиев әлем чемпионатының кем дегенде қола жүлдесін қанжығасына байлады.
ҚР Теннис федерациясы мәліметінше, ф иналға шығу үшін Құрманғалиев пен Фараджи Оңтүстік Кореяның Ким Дэхван мен Ли Хенхо жұбымен кездеседі. Бұл матч 26 қарашаға жоспарланған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.






