Қазақстандық боксшылар Сербиядағы турнирде жеті медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы бокстан Сербияның Белград қаласында өткен халықаралық турнирде жеті медальға ие болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Аталған байрақты бәсекеде жалғыз алтын медальді Нұрасыл Төлебек (60 келіге дейін) жеңіп алды.

Нұрбек Мұрсал (70 келіге дейін) және Ибрагим Бетаев (90 келіге дейін) күмістен алқа тақты.

Ал Нұрзат Оңғаров (50 келіге дейін), Нұрсұлтан Шілдебай (80 келіге дейін), Аян Қалмағанбетов (85 келіге дейін), Аслан Елдібайұлы (90 келіден жоғары) жарысты қола жүлдемен аяқтады.