Қазақстан құрамасының өкілі Анна Данилина Мексиканың Монтеррей қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің ширек финалына жолдама алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстандық теннисші бұл бәсекеде жұптық сында өнер көрсетіп жатыр.
1/8 финалда Анна Данилина жапониялық Мию Катомен бірге Қытай өкілі Цяньхуэй Тан мен мексикалық Рената Сарасуа жұбын жеңді.
Кездесу 4:6, 6:2, 10:6 есебімен қазақстандық-жапониялық жұптың пайдасына аяқталды.
Келесі кезеңде Анна Данилина мен Мию Като ресейлік Мария Козырева мен Майя Ламсденге қарсы ойнайды.









