XX Азия ойындарында байдарка мен каноэде есу жарысынан Қазақстан қоржынына кезекті медаль түсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
500 метр қашықтыққа каноэде есуден ерлер арасындағы А финалында Сергей Емельянов пен Тимофей Емельянов мәреге үшінші болып келіп, қола жүлдені еншіледі.
Осыған дейін 500 метрге байдаркада есуден әйелдер арасындағы жұптық жарыста Ольга Шмелёва мен Татьяна Токарницкая күміс жүлдеге ие болған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.









