Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің азаматтық қорғау кіші сержанты BATYR TEAM өкілі Санжар Әділов Жапонияның Аичи – Нагоя қаласында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Дәстүрлі ММА бойынша 65 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Санжар жартылай финалда Тәжікстан өкілі Отабек Раджабовпен кездесіп, жарысты қола жүлдемен аяқтады.
Биыл аралас жекпе-жек Азия ойындарының бағдарламасына алғаш рет енгізілді.
Осылайша, Санжар Әділов Қазақстан құрамасының осы спорт түрінен Азия ойындарында медаль жеңіп алған алғашқы спортшыларының бірі атанды.










