Жеңіл атлетикадан Азия чемпионатына қатысатын құрама белгілі болды

Қазақстан құрамасының жеңіл атлетика бойынша бапкерлер штабы Қытайдың Ордос қаласында өтетін жастар арасындағы Азия чемпионатына қатысатын спортшылар тізімін жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Құрлықтық додада еліміздің намысын 21 жеңіл атлет қорғайды.

– Аяна Болатбекқызы (800, 1500 метр)

– Александр Жигарь (800 метр)

– Ақбаян Нұрмамет (1500 метр)

– Виктория Сукачева (800 метр, 4х400 метрлік эстафета)

– Ринат Кулыгин (3000 метрге кедергілер арқылы жүгіру)

– Бағжан Серікқан (3000 метрге кедергілер арқылы жүгіру)

– Анастасия Цвиркунова (400 метрге кедергілер арқылы жүгіру, 4х400 метрлік эстафета)

– Екатерина Колода (400 метрге кедергілер арқылы жүгіру, 4х400 метрлік эстафета)

– Ақбілек Құралбай (3000 метрге кедергілер арқылы жүгіру)

– Мария Шувалова (400 метр, 4х400 метрлік эстафета)

– Анна Шумило (400 метр, 4х400 метрлік эстафета, 4х100 метрлік эстафета)

– Екатерина Пузырёва (100, 200 метр, 4х100 метрлік эстафета)

– Дарья Гридасова (4х100 метрлік эстафета)

– Татьяна Но (4х100 метрлік эстафета)

– Фаина Мейірманова (биіктікке секіру)

– Диляра Хайбуллина (ұзындыққа секіру, үш қарғып секіру)

– Максим Балабин (сырықпен секіру)

– Анастасия Рыпакова (ұзындыққа секіру)

– Ясмина Тоқсанбаева (20 000 метрге спорттық жүріс)

– Эльмира Калимуллина (20 000 метрге спорттық жүріс)

– Алина Чистякова (жетісайыс, 4х100 метрлік эстафета)

Айта кетейік, жастар арасындағы Азия чемпионаты 9-12 шілде аралығында өтеді.