Давид Дегтярев Азия Пара ойындарының рекордын жаңартты

Қазақстандық пара пауэрлифтинг шебері Давид Дегтярев Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында алтын медаль иеленді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, спортшы бүгін 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен. 

Ол 192 келіні көтеріп, Азия Пара ойындарының жаңа рекордын орнатты.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан құрамасы тағы екі медаль жеңіп алды. Пара оқ атудан Еркін Ғаббасов алтын жүлдеге қол жеткізсе, пара пауэрлифтингтен Тұрсынай Қабыл 41 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 104 келіні көтеріп, күміс медаль иеленді. Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында екі алтын және бір күміс медаль бар.