Геннадий Головкин бастаған Қазақстан ҰОК және World Boxing ұйымының өкілдері Мысырдың Гиза қаласында өтіп жатқан ірі бокс кешіне қатысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Кештің басты оқиғаларының бірі бұрынғы абсолют әлем чемпионы Александр Усик пен нидерландтық кикбоксшы Рико Верхувен арасындағы жекпе-жек болмақ.
DAZN стриминг сервисінің Instagram парақшасында Головкиннің бокс кешіне келу сәті жарияланды. Видеода қазақстандық боксшының жанында туған ағасы Максим Головкин жүргені байқалады.
Әлеуметтік желідегі жазбада: «Головкин келді. Қазір Гиза аңыздарға толы»,-деп жазылған.










