Димаш Құдайберген Бангладешке барды

БҰҰ-ның көші-қон жөніндегі жаһандық ізгі ниет елшісі Димаш Құдайберген гуманитарлық миссия аясында Кокс-Базар өңіріне барды. Бұл туралы dimashnews.com жазды, – деп жазды Aikyn.kz.  

Кокс-Базар ауданында тұрақты гуманитарлық қолдауды қажет ететін мәжбүрлі қоныс аударған адамдардың едәуір бөлігі тұрады.

Халықаралық ұйымдар мен жергілікті серіктестер тұрғын үймен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау, білім беру мен әлеуметтік қолдау бағыттары бойынша көмек көрсетуді жалғастырып жатыр.

Бұл өңір климаттық және табиғи қауіп-қатерлерге байланысты қосымша сын-қатерлерге де тап болып отыр. Атап айтқанда, маусымдық су тасқындары мен циклондар гуманитарлық қызметтің жүзеге асырылуын және жергілікті қауымдастықтардың тұрмыс жағдайын күрделендіріп отыр.

Гуманитарлық миссия аясында Халықаралық көші-қон ұйымының Кокс-Базар өңіріндегі гуманитарлық бастамаларымен танысуға, сондай-ақ халықаралық қауымдастықтың назарын гуманитарлық қолдау мен өңірдің даму мәселелеріне аударуға бағытталған бірқатар кездесу мен сапарлар жоспарланған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.