Қазақстандық гимнаст Ақмарал Ерекешева Бакуде (Әзірбайжан) өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде үшінші орынды иеленді
Отандасымыз таспамен орындалатын жаттығудың финалында 27.000 ұпай жинап, жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.
Германиялық Дарья Варфоломеев жарыс жеңімпазы атанды – 28.800 ұпай. Италия өкілі София Раффаэли екінші орын алды – 28.500 ұпай.








