Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Эндрю Бернемге құттықтау жеделхатын жолдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Эндрю Бернемді Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Премьер-министрі қызметіне кірісуімен құттықтады.

Мемлекет басшысы құттықтау жедел­ха­тында Қа­зақ­стан мен Ұлыбритания ара­сындағы қа­рым-қатынас деңгейі жоғары екенін атап өтіп, екі ел халықтарының мүддесі үшін сая­си диа­лог­ты, сауда-экономикалық жә­не инвестиция­лық ынтымақтастықты одан әрі ны­ғайту ба­ғы­тында бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін рас­тады.