Қала тұрғындарының басын қосқан жиында «Ауыл» партиясының төрағасы Қайрат Айтуғанов ауылды дамытуға байланысты пікірімен бөлісті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты «Ауыл» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оның айтуынша, ауылдың дамуы – жұмыс орны, кәсіпкерлік, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым, жаңа технология, жастарға жол ашу секілді өзара сабақтас бағыттардың жиынтығы.
Форум аясында Құрылтай депутаттығына кандидаттар Жигули Дайрабаев, Шахмардан Байманов, Рабига Токсейтова, Дәурен Рахымбек, т.б. сөз сөйледі.
Олар ауылдағы отбасыларды қолдау, еңбек адамының беделін арттыру, өңірлерде кәсіпкерлікті дамыту, білікті кадр даярлау және жастардың туған жерінде білім алып, еңбек етіп, кәсіби жолын жалғастыруына жағдай жасау мәселелерін көтерді.
Форумда өңірлердегі кездесулерде тұрғындардың айтылған ұсынысы мен көтерген мәселелер «Ауыл» партиясының сайлауалды күн тәртібіне енді. Бағдарламада өңір экономикасын күшейту, халықты жұмыспен қамтумен табысын арттыру, инфрақұрылымды жаңарту, әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін кеңейту және қала мен ауыл тұрғындары үшін тең мүмкіндік қалыптастыруға басымдық берілген.









