Атырау облысында «Ауыл» партиясының белсенді мүшелері Жайық өзенінің жағасында “Таза табиғат — ортақ жауапкершілік” деген ұранмен тазалық акциясын өткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты «Ауыл» партиясының баспасөзіне сілтеме жасап.
Акцияға ҚР Құрылтайы депутаттығына кандидаты, «Ауыл» партиясының мүшесі Нұртас Байжанов қатысты.
Экологиялық акцияның басты мақсаты — табиғатты аялау, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру және туған өлкенің тазалығын сақтауға қоғам болып атсалысу.
Акция барысында қатысушылар өзен жағалауын қоқысын жинап, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға өз үлесін қосты.









