Президент Испания Королі VI Фелипеге құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстан Президенті Король VI Фелипе мен барша испан халқын Испания ұлттық құрамасының футболдан әлем бірін­шілігіндегі жарқын жеңісімен және екі дүркін әлем чемпионы атануымен құттықтады.

– Ұлттық құрамаңыздың жоғары шеберлігі, үйлесімді коман­да­лық ойыны және жеңіске деген жігері миллиондаған жан­күйер­ді тәнті етті. Испанияның жаһандық деңгейде мойындалған футболдан озық тәжірибесі баршаға үлгі. Осы ретте биыл Қазақ­станда «Атлетико Мадрид» клубы академиясының ашылғанын ерек­ше қуанышпен атап өтемін. Бұл бастама халықтарымыз ара­сындағы достық пен сан қырлы ынтымақтастықты нығайтуға, сон­дай-ақ жастар арасындағы байланыстарды тереңдетуге зор сер­пін береріне кәміл сенемін, – деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев VI Фелипенің ел мүддесіне бағытталған игі бастамаларына сәттілік, ал достас испан халқына бақ-береке ті­леді.