Мемлекет басшысы Вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады, –  деп хабарлады Aikyn.kz Aqorda-ға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Вице-президент лауазымы Қазақстан Республикасының Конституциясымен бекітілгенін және мемлекеттік басқару жүйесінде ерекше мәнге ие екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы Вице-президент Ерлан Қариннің алдына бірқатар нақты міндет қойды. 

Атап айтқанда, Вице-президентке Құрылтаймен, Үкіметпен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл барысында Мемлекет басшысының атынан өкілдік етіп, мемлекеттік саясаттың негізгі мәселелері бойынша ұстанымын жеткізу тапсырылды.