Тарихи негізі берік татулық

Форум басталмас бұрын қа­ты­су­шы­лар Маңғыстау облы­сын­дағы қай­ғылы оқиға салдарынан қаза тапқан әс­кери қызметшілерді бір минут үнсіз­дік­пен еске алып, рухына тағзым етті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Қытайдың мәңгі әрі жан-жақты стратегия­лық серіктес­ті­гінің тарихи негізі бе­рік әрі тату көр­ші­лік пен өзара се­нім рухында тың қар­қынмен да­мып келе жатқанына на­зар ау­дарды.

Президент өнеркәсіп, цифр­ландыру, «ақылды қалалар» мен спут­никтік тех­нологияларды дамыту, ауыл шаруа­шылығы, ден­сау­­лық сақтау және білім беру са­­лаларындағы серіктестік дәйек­­­ті түрде нығайып келе жат­қанын жет­­кіз­ді. Оның айтуынша, Ин­вес­­тиция­ларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келі­сім­ді ратификациялау екі­­жақты ын­ты­мақтастықты жандан­дыру­ға құ­қық­тық тұрғыдан ықпал етті.

– Іскерлік байланыстардың кеңеюіне елдеріміз арасында ор­на­ған визасыз режим де елеулі үлес қосты. Қазіргі кезде Қазақ­стан­да қомақты инвестиция тар­тып, ірі жобаларды іске асыруға ба­рынша оңтайлы жағдай жа­сал­ған деп сеніммен айтуға болады. Биыл 1 шілдеде күшіне енген Конс­титуциямыздың негізгі ере­желері еліміздің инвестициялық әлеуетін нығайтуға мықты құ­қық­тық негіз қалады. Ереже­лер­дің тұрақтылығына және ин­вес­тициялық қызметке мемлекет та­рапынан қолдау көрсету сапасына айрықша мән береміз. Осы мақсатта Бас прокуратура жанынан Инвесторлардың құқық­та­рын қорғау комитеті құрылды. Бас прокурорға инвестициялық омбудсмен міндеттері жүктел-

ді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының пайым­дауынша, әлем экономикасы түбегейлі өзгеріске ұшырап жат­қан кезеңде Қазақстан мен Қы­тай өзара сенімге, ашықтық пен ортақ мүддеге арқа сүйеген озық әрі тиімді ынтымақтастық үл­гісін көрсетіп отыр. Осыған орай Президент екі елдің табысты серіктестігін одан әрі дамытуға арналған басым бағыттарды атады. Қасым-Жомарт Тоқаев, ең ал­дымен, көлік-логистика сала­сы­на тоқталды.

– Халықаралық серіктес­тер­мен бірге темір жол қуатын арттырып, автомобиль магистральда­ры мен теңіз порттарын кеңей­ту­ді, жүк тасымалы авиациясын жә­не шекара маңы инфрақұры­лы­мын дамытуды қолға алдық. Ляньюньганнан Ақтауға дейін Қытай жағалауын Каспиймен бай­ланыстыратын логистикалық тораптар желісі қалыптасты. Көп ұзамай Ченду қаласындағы қазақ-қытай терминалы осы логисти­ка­лық тізбектің маңызды буынына айналады. Аталған шаһарда Қа­зақ­станның Бас консулдығын ашу­ды жоспарлап отырмыз. Азия мен Еуропа арасындағы заманауи көлік байланысын түзетін Орта дәлізді өркендетуді айрықша мін­дет деп санаймыз, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев бү­гін­гі форумға транзит айлақтарының өткізу мүмкіндігін кеңейту жұ­мыс­тарына белсенді атсалысып жат­қан компаниялар қатысып отыр­ғанын айтты. Президент бол­жам бойынша 2029 жылға қа­рай Қытайдан Еуропаға қаты­най­тын контейнерлі пойыздардың саны үш мыңға дейін ұлғаятынын мәлімдеді. Бұл жаһандық логис­тика тізбегіндегі маңызды көлік хаб­тарының бірі ретінде Қазақ­стан­ның позициясын күшейтеді.

– Бірқатар бірлескен бастамалар қазірдің өзінде нақтылана түс­ті. Биыл тамыз айында Арал – Кас­пий автомагистралінің құры­лысы басталды. Жаңа бағдар Шы­ғыс – Батыс жолының өткізу қа­білетін бірнеше есе арттырады. Таяу уақытта Мойынты – Қызыл­жар, Бақты – Аягөз теміржол­дары­ның құрылысы аяқталады. Жүк тасымалының ашықтығын «Ақылды шекара» пилоттық жобасы аясында бірлесе енгізілген цифрлық технологиялар қам­та­масыз етеді. Қытайлық Minmetals Logistics корпорациясымен серік­тестік аясында жүргізушісіз көлік технологияларын және цифрлық шешімдерді қолданатын логистика дәлізі түзіледі. Бұл – біздің елі­міз үшін бірегей жоба. Муль­тимодальды жүк тасымалын дамы­туға ерекше мән береміз. Alatau Air Cargo ұлттық авиа жүк жет­кізу­­ші компаниясы жұмысын бас­тады. Қазақстан нарығына Cathay Pacific Cargo секілді әлемнің ірі жүк әуе компаниялары шығып жатыр. Азаматтық авиа­ция да маңызды рөл атқара­ды. Биыл Алматы – Сиань, Алматы – Шанхай, Астана – Гуанчжоу, Ақтау – Үрімжі рейстері ашыл­ды. Осы аптада алғашқы жо­лаушылар бағдары Алматы мен Чунцин қалаларын тікелей байланыстырды, – деді Мемлекет басшысы.

Бұдан соң Президент өнер­кә­сіп саласындағы ықпалдастықты нығайтудың маңызына назар ау­дарды. Бүгінде бұл бағытта жал­пы құны 62 миллиард доллардан асатын 260 бірлескен ірі жоба жү­з­еге асырылып жатыр.

– Қытайлық кәсіпорындар Ал­матыда автокөлік кластерін да­мытуға белсенді атсалысып ке­леді. Ортақ күш-жігеріміздің ар­қасында Қарағанды облысында кремний өндірісі іске қосылды. Сонымен қатар металлургия, мұ­най-газ химиясы және энергия жинақтау салаларында іргелі бас­тамалар қолға алынды. Өнім­ді­лігі төмен мұнай ұңғымаларын қал­пына келтіру бағытында алғашқы жобалар жүзеге асырылып жатыр. Қытайдың Jinyi Holding Group ком­паниясымен бірлесіп, Ақтөбе облысында ерекше индустриялық аймақ құрылуда. Аталған аймақ ха­лықаралық стандарттарға сәй­кес жұмыс істейтін болады. Агро­өнер­кәсіп кешенін бірлесіп да­мы­ту жөнінде бірқатар уағда­лас­тыққа қол жеткіздік, нақты бастамаларды жүзеге асырып жатырмыз. Соның ішінде Lihua, Fufeng, Dalian Hesheng Holdings компа­ния­ларының мақта-мата клас­терін қалыптастыруға және жү­ге­рі мен бидайды терең өңдеуге ар­­­­налған маңызды жобаларын ерек­ше атап өткім келеді. Мұндай ау­қымды жұмыс серіктестігімізді жаңа деңгейге көтеруге ықпал ете­рі сөзсіз. Біз жекелеген инвес­ти­циялық жобаларды жүзеге асыру арқылы толыққанды өнді­ріс­тік экожүйе қалыптастыруды көз­дейміз. Бұл қадам Орталық Азия, Еуразиялық экономикалық одақ, Оңтүстік Кавказ және Еуропа елдерінің нарықтарына бір­­лесіп шығуға мүмкіндік береді. Осы орайда Common History, Des­tiny. Designed and Made in Both China And Kazakhstan деп ата­латын қазақ-қытай бағдарла­ма­сын іске қосуды ұсынамын. Үкімет қытайлық серіктестермен бірге келешегі зор жобалардың тізі­мін әзірлеп, оның бәрін жүзеге асыруға жедел кірісуі керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы тау-кен ме­таллургиясы кешеніндегі ын­ты­мақтастықты тағы бір басым бағыт ретінде атады. Оның ай­туын­ша, Қазақстанда уран, мыс, алтын, көмір секілді аса маңызды минералдар мен сирек кездесетін металдардың мол қоры бар.

Президент цифрландыру мә­селесіне айрықша мән берді. Ол еліміздің әлемдегі барлық жетек­ші технологиялық орталықтармен ты­ғыз қарым-қатынас орнатуға ашық екенін мәлімдеді.

– Биыл еліміз Дүниежүзілік жа­санды интеллект саласындағы ынтымақтастық ұйымының құ­рыл­тайшылары қатарына кірді. Осылайша, Қазақстан техно­ло­гиялық ықпалдастыққа арналған жаңа халықаралық платфор­ма­ның қатысушысы болды. Бұл бас­таманы ҚХР Төрағасы Си Цзи­ньпин көтерген болатын. Біз тех­нология трансферіне, бірлес­кен инженерлік және зерттеу ор­талықтарын құруға мүдделіміз. Бұл ретте жаңа формация мамандарын даярлауға ерекше көңіл бө­леміз. Елордада тұңғыш қазақ-қытай жасанды интеллект мекте­бін ашуға ниеттіміз. Жемісті тех­но­логиялық серіктестігіміздің бір мысалы Alatau City жобасынан айқын көрінеді. Бұл ауқымды бастама Қытай, Орталық Азия жә­не Еуропа кеңістігіндегі бел­сен­ді іскерлік қатынастар мүйі­сіне айналуды көздейді, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев мұн­дай жобаларды жүзеге асыру үшін соған сай қаржылық құрылым қа­жет екенін еске салды. Президент форум қатысушыларына бір­­неше жылдан бері табысты жұ­мыс істеп келе жатқан «Астана» халықаралық қаржы орта­лы­ғы туралы баяндады.

– АХҚО-ның әлемнің жетек­ші қаржы орталықтарының бірі са­налатын Гонконгпен тығыз ық­­палдастығы мол мүмкіндік­тер­ге жол ашатыны сөзсіз. Қыркүйек айының басында «Самұрық-Қа­зына» қоры Орталық Азия және ШЫҰ елдері эмитенттерінің ара­сын­да бірінші болып Қытайдың бан­каралық нарығына кірді. Жал­пы сомасы үш миллиард 

юа­нь­нан (450 миллион доллар) аса­тын панда-облигациялар шы­ғар­ды. Жалпы, Қазақстан инвес­ти­ция­лық кезеңді барынша қысқа, ашық әрі технологиялық тұр­ғы­дан озық етіп ұйымдастыру­ға ниет­ті. Kazakh Invest ұлттық ком­паниясы жанынан қазақ-қы­тай инвестициялық қорын құру туралы келісімге қол қою – осы ба­ғыттағы маңызды қадамның бірі, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пі­кірінше, Қазақ-қытай инвести­ция­лық форумы екі елдің іскер топ­тары арасындағы тікелей бай­ла­ныстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс. 

– Сондықтан осы форумды «Қа­зақстан – Қытай» Алматы ин­вестициялық диалогы деген атау­мен жыл сайын қыркүйек айын­да өткізуді ұсынамын. Жалпы, бүгін бірқатар нақты келісім­дер­ге қол жеткіздік. Бұл келісім­дер Қазақстан мен Қытайдың және тұтас Еуразия құрлығының ор­нықты дамуына тың серпін береді деп сенемін, – деп ұсыныс жасады Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қа­зақстан көрші Қытаймен мәңгі дос­тық және түрлі саладағы ұзақ­мерзімді өзара тиімді ынты­мақ­тас­тық байланыстарының қар­қын­ды дамуына баса мән беріп отырғанына назар аударды.

– Еліміз үшін бұл – сыртқы сая­­саттағы ең маңызды мақ­сат­тар­дың бірі. Ортақ тарихымызға үңілсек, қытай халқы біздің халқымызға ешқашан ешқандай зиян келтірген жоқ. Қос халық өза­ра сыйластық пен қолдау ая­сын­да көп жыл бойы бірге өмір сүр­ген. Ал қазіргі тұрақсыз, бұл­дыр заманда Қазақстан мен Қы­тай сенімді серіктестер ретінде қоян-қолтық бірге әрекет етіп, сан алуан сын-қатерлерге тойтарыс беруі керек. Қытай тілінде мы­надай мағыналы мақал бар:

人心齐,泰山移, яғни: «Біз бәрі­міз біртұтас болсақ, биік Тайшань тауын да орнынан қозғай аламыз». Қазақстан мен Қытай – екі дос, көршілес ел болып, әрбір істі ой­дағыдай жүзеге асырады деп се­немін, – деп түйіндеді Мемлекет басшысы.

Форум аясында Президенттің қатысуымен қол қойылған құжат­тар­ды алмасу рәсімі өтті. 

М.ЖАЛҒАСҰЛЫ