Серіктестікті жандандыру жолындағы қадам

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Эфиопия Премьер-министрін Қазақ­стан­ға ресми сапармен келуге шақырды.

– Сіздің еліңізге зор құрметпен қа­рай­мыз. Аддис-Абебадағы тұрақты түрде қызм­ет ететін елшілігіміз Қазақстанның Аф­рика құрлығындағы алғашқы дип­ло­матиялық өкілдіктерінің бірі болды. Бұ­дан бөлек, Қазақстан Африка Одағын­да байқаушы ел ретінде танылған. Сон­дық­тан біздің Африкаға деген қызығу­шы­лығымыз айқын әрі орнықты сипатқа ие. Әсіресе Эфиопияға көзқарасымыз ерек­ше. Елдеріңізбен қарым-қатынасты ны­ғайтуға мүдделі екенімізді айтқым ке­ле­ді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының пікірінше, өзара сауда-саттық көлемін ұлғайту ар­қылы іскерлік серіктестікті жандандыруға мол мүмкіндік бар. Әңгімелесу бары­сын­да та­раптар бір-бірінің сауда-эконо­ми­ка­лық және инвестициялық әлеуетімен та­нысу, Қазақстанда Эфиопиядан шай, кофе, сондай-ақ гүл өнімдерін жеткізуге ар­налған хаб құру перспективасын зер­делеу үшін екі елдің делегацияларын жі­­беру­ге уағдаласты.

Абий Ахмед Қасым-Жомарт Тоқаевты Қа­з­ақ­стан Республикасы Құрылтай сай­лауының табысты өтуімен құттықтады. Со­нымен қатар екі ел арасындағы өзара түсіністік пен конструктивті ықпалдастық деңгейі жоғары екеніне тоқталды.

– Эфиопия да халықтың әл-ауқатын жақ­сартып, мемлекеттің институцио­нал­дық әлеуетін күшейтуді көздейді. Осы орай­да Қазақстан сияқты достас елдердің озық тәжірибесіне сүйенеміз. Өзіңіз атап өткендей, Қазақстанның Эфиопияда елшілігі бар. Біз де Қазақстанда елші­лі­гімізді ашу мүмкіндіктерін қарастырамыз. Бұл байланыстың нығаюына ықпал етері сөзсіз, – деді Эфиопия Үкіметінің бас­шы­сы.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Эфиопия Премьер-министрін Қазақ­стан­ға ресми сапармен келуге шақырды.