Вайнер әрі блогер Мейіржан Төребаев бостандыққа шыққаннан кейін сұхбат берді, – деп жазды Aikyn.kz.
Ол түрмедегі өмірі туралы айтты. Айтуынша, уақытын босқа өткізбей түрлі кітап оқыған. Блогер отбасынан жырақта жүріп жақындарын сағынғанын, уақыттың қадірін терең түсінгенін жасырмады.
Сонымен қатар Мейіржан Төребаев “Отец” подкастында осы қиын кезеңде жұбайы Дана өзіне қолдау көрсетіп, жігерлендіріп отырған. Оған үнемі барып, жағдайын біліп тұрған. Бірақ балаларын ондай жерге апарғысы келмеген екен. Бірақ олар әкесіне хат жазып, сағынышын жеткізіп отырған.
«Балаларыңа берген ең керемет сыйлық – олармен бірге өткізген уақытың. Дана әр келген сайын балаларымның хаттарын алып келетін. Мен оларды қабырғаға іліп қоямын. Сол хаттар арқылы үйдің жылуын сезінгендей болатынмын. Хаттарын оқыған сайын өзімді кінәлі сезінетінмін. Сол уақытта әйелім балаларға да, анама да қамқор болды. Жар таңдаудан жолым болды», – дейді ол.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.










