Жаңа маусым ашылады

Жаңа маусымды алғаш болып «Астана Балет» театры бастайды. 28 және 29 тамызда театр сахнасында Корей ұлттық балеті Адольф Аданның музыкасына қойылған «Корсар» спектаклі көрсетіледі. Қойылымның хореографы – Сон Чжонбин.

«Астана Опера» XIV театр маусымын 4 және 5 қыркүйекте Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің Мұхтар Әуезов ли­бреттосына жазылған «Абай» опера­сымен ашады. Қойылым композитор­лардың туғанына 120 жыл толуына орай сахна­ланады. Спектакль дирижері – Қазақ­станның еңбек сіңірген қайраткері, Қа­зақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Алан Бөрібаев. Маусым барысында театрда бірнеше пре­мьера өтеді. Олардың қатарында Конс­тантин Радевтің хореографиясындағы «Чарли және Ирэн», Саттар Ғұмар сах­налаған «Томирис» балеттері және ре­жис­сер Еслан Тойкеновтің балаларға арнал­ған «Арман» музыкалық спектаклі бар.

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры 93-маусымын 12-13 қыркүйекте «Ақбала» ұлттық балетінің премьерасымен ашады. Қойылым Әбді­жәміл Нұрпейісовтің «Қан мен тер» три­ло­гиясының желісімен сахналанып, шығарма алғаш рет балет өнері арқылы көрерменге жол тартады.

Сымбат БАУЫРЖАНҚЫЗЫ