Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы көрерменге жаңа қырынан танылды, – деп жазды Aikyn.kz.
Ол Алматыда өткен сән апталығына қонақ ретінде шақырылған. Сонымен қатар модель ретінде подиумға шықты. Көрермен бұл көрініске таңғалысын жасырмады.
Тележүргізуші осы арқылы отандық дизайнерлерге қолдау көрсеткісі келгенін жеткізді.
«Елуге келіп есірді демеңіз, еркінсідім», – деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.
Тележүргізуші өмірдің әр сәтін бағалап, өзіңді үнемі дамыту маңызды екенін атап өтті.
Залдағы көрермен арасында тележүргізушінің анасы қызына қолдау білдіріп отырғанын байқауға болады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.









