Белгілі әнші Димаш Құдайберген барша қазақстандықтарды бүгінгі тазы күнімен құттықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
– Бүгін – қазақ тазысы күні. Сіздермен бірегей кадрлармен бөліскім келеді. Бірінші суретте – бәріміз жақсы көретін тұлпар Ақжанның әкесімен бірге түскен сәтім. Мемлекет басшысының тұлпарымен серуендеп қайту мен үшін үлкен мәртебе болды.
Ал екінші суретте – менің қасымда Мемлекет басшысының Нэнси және Наурыз атты тазылары.
Менің тазымен ерекше оқиғам бар. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы маған тазы сыйлаған болатын. Мен оған Ғарышкер деп ат қойдым. Осы бірегей кадрлар үшін Президент Телерадиокешеніне алғыс айтамын, – деді әнші.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Dimash Qudaibergen (@kudaibergenov.dimash)









