Актер Нұрлан Әлімжанов пен әнші Әйгерім Қалаубаеваны әңгімесі талқыға түсті, – деп жазды Aikyn.kz.
Нұрлан Әлімжанов әріптесі екеуінің қарым-қатынасында ерекше үйлесім бар екенін жасырмады.
«Айкош, маған жетіспей тұрады. Сағынамын. Бүкіл әйел Әйгерім сияқты әрекет ететін болса, бәрі бақытты болып кетуші еді. Қазақстанда ажырасу атымен болмас еді», – дейді ол.
Әйгерім Қалаубаева бұл сөзді жауапсыз қалдырмады.
«Өйткені мен саған бағынамын. Тыңдаймын. Сенің не сөйлеп тұрғаныңды аңдып тұрамын. Сенен алға шығып кетпеуге тырысамын. Сосын сенен көп сөйлеп қоймауға тырысамын. Сондықтан біз ажыраспаймыз», – дейді Әйгерім Қалаубаева.
Нұржан Әлімжанов пен Әйгерім Қалаубаева жиын, тойларды бірге жүргізеді. Актер айтып жатқан сөзі жұмысқа қатысты екенін меңзеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.










