Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО және Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімовке құрмет ретінде Қарабура әулие кесенесінің маңына белгі тас орнатылды, – деп жазды Aikyn.kz.
Сонымен қатар актердің туған ауылында облыстық ашық шахмат турнирі ұйымдастырылған. Бұл туралы оның жұбайы Бағдат Әшімова әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Сарысу ауданы, Жайылма ауылында Асанәлі Әшімұлының рухына арнап ас берілді. Көзі тірісінде Асекең “Франция, Швейцария туған ауылыма жетпейді” деп айтушы еді. Асанәлі Әшімовке арналған XIII облыстық ашық шахмат турнирі Асекеңнің туған ауылы Жайылмада өтті. Аудан әкімшілігіне, ел азаматтарына үлкен рақмет. Жерлес азаматтарын ұлықтап, жас ұрпаққа өшпес мұра қалдырып отыр. Тарих тақтасында қалатын күн болды», – деп жазды ол.
Желі қолданушылары Бағдат Әшімоваға қолдау көрсетіп, жылы лебізін білдіріп жатыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.










