Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында ақын, журналист әрі аудармашы Күләш Ахметованың 80 жылдығына арналған еске алу кеші ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іс-шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері мен оқырмандар қатысты.
Жиын барысында қатысушылар Күләш Ахметованың тағылымды ғұмыры мен қазақ әдебиетіндегі айрықша орны туралы ой қозғап, ақын жырларын оқыды. Сондай-ақ қаламгердің шығармашылық әлемі, адамгершілік болмысы мен әдебиетке сіңірген еңбегі жайында естеліктер айтылды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.










