Актриса Жұлдызай Дүйсенбиева он екі жылдан кейін күйеуін көрсетті (видео)

Актриса, әзілкеш Жұлдызай Дүйсенбиева жеке шығармашылық кешінде отбасын сахнаға алып шықты, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі жолдасы Өмірсерік пен қызын халыққа таныстырып, күйеуіне “Үйдегі концерт қызық па, осы концерт пе?” деп әзілдеді.

“Мен Қайрат Нұртастан әрі болдым ғой. Ол 10 жыл дегенде көрсетсе, мен 12 жылдан кейін ғана көрсетіп тұрмын. Өмірсерік, сен бүгін жұлдызсың! Халқыңның алдында бір иіліп қой”, –  дейді актриса. 

Желі қолданушылары актрисаның отбасына бақыт тілеп, жылы лебізін білдіріп жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.