«Кешіру – әлсіздік емес…»: Айгүл Иманбаева әсерлі жазба жариялады

Актриса Айгүл Иманбаева әлеуметтік желіде әсерлі жазба жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесінің айтуынша, бақытты алыстан іздеудің қажеті жоқ. Ол қарапайым сәттерден тұрады.

«Бақыт дегеніміз үлкен жетістіктер ғана емес. Ол – жақындарыңызбен бірге ішілген бір кесе шай, анаңыздың күлкісі және жүректегі алаңсыз тыныштық», – деді актриса.

Сонымен қатар оқырмандарын кешірімді болуға шақырды.

«Өкпені жүректе мәңгі сақтамаңыз. Ренжу – басқа біреудің қатесі үшін өзіңізге берген жазаңыз. Кешірім жасау – әлсіздік емес. Бұл – өзіңізге сыйлаған тыныштық», – деді ол.

Желі қолданушылары бұл пікірмен келісіп, жылы лебізін білдіріп жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.