Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова оқырмандарының сұрағына жауап берді, – деп жазды Aikyn.kz.
Ол жолдасы, әнші Қайрат Нұртаспен қарым-қатынасына алаңдаған оқырмандарына арнап сурет жариялады. Өнер иесі Instagram парақшасындағы Stories бөлімінде жазба қалдырып, күйеуімен бірге екенін айтты.
“Кейінгі екі күнде мың түрлі пікір жазып, түрлі күй кештірген оқырманымыздан айналдық. Менің парақшамда пікір жазып, Қайрекені белгілеп жатқан жандарға айтарым бар. Жанындамын. Жанымда. Сіздер тыныш болсын, жүректеріңіз ауырмасын, ойларыңыз сан-саққа жүгірмесін деп”, – деп жазды ол.
Желі қолданушылары бұл жаңалыққа қуанып, олардың отбасына бақыт тіледі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.









