Қазақстан ұсынған бастама аясында Замбияда Халықаралық волонтерлер жылының ресми ашылуы өтті

Бұл бастаманы қолдаған Замбияда Халықаралық жылдың ресми ашылу рәсімі өтті,  – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Салтанатты іс-шара Мвинилунга ауданында «Әрбір үлес маңызды: волонтерлер қоғам дамуына үлес қосады» ұранымен ұйымдастырылып, елде волонтерлердің тұрақты дамуға қосқан үлесін насихаттайтын іс-шаралар өтті.

Оған жергілікті атқарушы органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Салтанатты рәсім барысында БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің үндеуі оқылды.

Жиынның ресми ашылуы қарсаңында елде волонтерлік қызметті кеңінен дәріптеуге бағытталған науқан, экологиялық акциялар және қоғамдық орындарды абаттандыру шаралары ұйымдастырылды.

Тұрақты даму мақсатындағы Халықаралық волонтерлер жылы азаматтардың әлеуметтік, экологиялық және гуманитарлық бастамаларға белсенді атсалуына бағытталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.