Осыған орай, елдің барлық өңірінде кітап оқу мәдениетін арттыруға және зияткерлік әлеуетті дамытуға бағытталған кітап апталығы ұйымдастырылады, – деп хабарлайды Аikyn.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.
Апталық аясында 1 500-ден астам іс-шара өткізу жоспарланған. Бағдарлама келесі күндерді қамтиды:
Бүгінгі күн «Артық білім кітапта…» тақырыбымен өтуде. Бұл күн кітаптың оқу мен ағартудың, рухани дамудың қайнар көзі ретіндегі мәнін айқындауға бағытталған. Осы орайда елімізде кітап фестивальдері, ашық есік күндері, жәрмеңкелер, кітап оқу марафондары, сондай-ақ баспалар мен кітап дүкендері бірлесіп түрлі іс-шаралар өткізеді.
Кітапханаларда келушілер үшін тақырыптық көрмелер, таныстырылымдар мен түрлі бағдарламалар ұйымдастырылып, кітапқа деген қызығушылықты арттыруға және оның қоғамдағы орнын нығайтуға ерекше мән беріледі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.










