Түркістан облысы Жетісай ауданының прокуратурасы аудан аумағында көші-қон заңнамасының сақталуына талдау жүргізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Талдау нәтижесінде шетел азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағында тіркеусіз жүруі және заңсыз шетелдік жұмыс күшін тарту фактілері анықталды.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде көші-қон заңнамасын бұзған 181 тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылып, мемлекет кірісіне 2,8 млн теңге көлемінде айыппұл өндірілді.
Жетісай ауданының шекаралық аймақ мәртебесін ескере отырып, көші-қон заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету мәселелері аудан прокуратурасының тұрақты бақылауында.
Прокуратура заң талаптарын бұзғаны үшін көзделген жауапкершілік туралы ескертеді және азаматтарды көші-қон заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға шақырады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.










