«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мәліметінше, 2025 жылғы қыркүйектен 2026 жылғы 17 шілдеге дейінгі аралықта астық пен астыққа шаққандағы ұн экспорты 13,5 млн тоннаға жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16%-ға жоғары. Өткен маусымда сыртқы нарықтарға 12 млн тонна өнім экспортталған болатын.
Экспорт көлемінің өсуіне Орталық Азия елдері мен Ауғанстандағы дәстүрлі нарықтардағы жоғары сұраныс негізгі серпін берді.
Атап айтқанда, Өзбекстанға экспорт 37%-ға өсіп, 5,6 млн тоннаны құрады. Қырғызстанға экспорт көлемі 1,4 есеге артып, 504 мың тоннаға жетті. Ауғанстанға жөнелтілген өнім көлемі 59%-ға өсіп, 2,2 млн тоннаны, ал Түрікменстанға экспорт 34%-ға ұлғайып, 210 мың тоннаны құрады.
Жүк тасымалы көрсеткіштерінің оң өсімі қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраныстың жоғары екенін айғақтайды. Сондай-ақ бұл экспорттық логистиканы дамыту және шетелдік серіктестермен сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту бағытында қолға алынған шаралардың нәтижелі екенін көрсетеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.










