13 маусым күні таңғы сағат 10:00 шамасында Атырау – Индер автожолында жол-көлік оқиғасы тіркелді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Оқиға Индер ауданына қарасты Бөдене ауылының маңында болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Alphard маркалы автокөлік аударылып қалған. Оқиғаның нақты себептері мен зардап шеккендер туралы ақпарат әзірге жарияланған жоқ.
Қазір аталған жол апатына қатысты Атырау облыстық полиция департаментінің ресми түсініктемесі күтілуде.









