Қазақстанда мүгедектігі бар 544 мыңнан астам адам мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жалпы ауруға байланысты мүгедектік бойынша ай сайынғы жәрдемақы мөлшері:
I топқа – 111 873 теңге;
II топқа – 89 498 теңге;
III топқа – 61 022 теңге.
Сонымен қатар I топтағы мүгедектігі бар адамдарға және 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға күтім жасайтын азаматтарға жеке мемлекеттік жәрдемақы қарастырылған.
Төлемді ХҚКО, eGov.kz порталы немесе проактивті қызмет арқылы рәсімдеуге болады. Проактивті форматта мүгедектік белгіленгеннен кейін азаматқа SMS-хабарлама келіп, жәрдемақы тағайындауға келісім беру жеткілікті.










