Бұқаралық спортқа серпін берген бастама

Өңір басшысы өз сөзінде жаңа нысан­ның құры­лысы адамға деген құрметтің, тең мүмкіндік қағи­датының және әлеу­меттік жауапкершіліктің нақ­ты көрінісі екенін атап өтті. Сондай-ақ облыста мүм­кіндігі шектеулі азаматтарды бұқаралық спорт­қа тарту, спорттық резервті даярлау және ха­лық­аралық аренада жоғары нәти­желерге қол жеткізу ба­ғытындағы жұмыс­тар жүйелі түрде жүргізіліп жат­қанын жеткізді.

– Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Жолдауларында халық­тың өмір сүру са­па­сын арттыруды, бұқара­лық спортты дамытуды жә­не ерек­ше қажеттілігі бар азаматтар үшін қо­лай­лы орта қалыптастыруды мемлекеттік сая­сат­тың негізгі басымдықтарының бірі ретінде ай­қын­дап келеді. Бүгін бастау алған Ин­клюзивті спорт ор­талығының құрылысы – осы стратегиялық мін­­­­дет­тердің нақты жүзе­ге асуының айқын дәл­елі. Спорт инфра­құрылымын дамыту – өңірдің тұ­рақты дамуының маңызды бағыты. Себебі дені сау ұлт – қуатты мемле­кет­тің негізі. Ал инклюзивті спорт әрбір азаматқа өзінің әлеуетін ашуға, қабі­ле­тін дамытуға және қоғам өміріне белсенді ара­ласуға мүмкіндік береді. Бүгін іргетасы қаланған ор­талық алдағы уақытта мыңдаған тұрғынға қыз­мет көрсетіп, жас спортшы­лардың алғашқы жеңіс­теріне жол ашатын, параспорт­шы­лардың жаңа бе­лестерді бағындыруына мүмкіндік беретін маңыз­ды спорт орда­сына айналады деп сенеміз, – деді Ербол Қарашөкеев.

Жоба аясында халықтың барлық сана­тына, со­ның ішінде мүгедектігі бар аза­маттар мен жүріп-тұруы шектеулі адам­­дарға арналған заманауи, қауіп­сіз әрі қолжетімді көпфункционалды спорт ке­шені бой көтереді.

Орталық құрамында әмбебап спорт залы және көрермендерге арналған мін­берлер, тренажер жә­не емдік дене­шы­н­ықтыру залдары, медици­на­лық және психолог кабинеттері, әкімшілік және жат­тықтырушылар кабинеттері, кон­фе­р­енция залы, буфеті бар демалыс айма­ғы, күту және тіркеу аймағы бар кең вес­ти­бюль, киім ауыстыратын бөл­­мелер, душ және санитарлық тораптар, тех­ни­ка­лық және қосалқы үй-жайлар қарас­тырылады.

Орталықтың жалпы аумағы 1,6 гек­тарды, ал ғи­мараттың жалпы ауданы 3 600 шаршы метрді құрайды. Нысан бір мезетте 300 келушіні қабылдай ала­ды. Құрылыс жұмыстарын 2027 жылдың ақпан айында аяқтау жоспарланып отыр.

Қазір Жамбыл облысында дене­шын­ықтыру жә­не спортпен айналысуға мүм­кін­дігі бар 19 278 мү­ге­дектігі бар азамат тіркелген. Оның ішінде 4 383 адам немесе 22,7 пайызы спортпен жүйе­­лі түр­­де шұ­ғылданады. Оның 1481-і – жас­өс­пірім­дер.

Биыл өңірден 200 спортшы Қазақ­стан Рес­пуб­ли­касы ұлттық құрамала­рының қатарына енді. Оның ішінде 148 спортшы – негізгі құрамда, 43 спорт­шы – жастар құрамасында, 9 спортшы – жа­с­өс­пірімдер құрамасында.

Жамбыл облысының параспорт­шылары ха­лық­аралық жарыстарда да жо­ғары нәтижелер көр­сетіп келеді. Олар­дың қатарында Паралимпиада жә­не Сурдлимпиада ойындарының чем­пион­дары мен жүлдегерлері, әлем және Азия чемпиондары Зүлфия Ғабидуллина, Нұрдәулет Жұмағали, Ғабит Есжанов, Айдос Түгелбаев, Берік Нұрымов, Нұр­жан Асан, Диас Рысбек және басқа да халық­аралық дәрежедегі спортшылар бар.

Салтанатты іс-шара барысында BI Construction & Engineering компания­сы­ның Оңтүстік дивизио­ны­ның директоры Ілияс Рүстем мен Қазақстан Ұлттық Пара­лим­пиада комитеті вице-президенті Зүл­фия Ғабидуллина сөз сөйлеп, жаңа спорт орта­лы­ғы ерек­ше қажеттілігі бар азаматтардың спорт­пен жүйелі айна­лысуына кең мүм­кіндік беретін маңыз­ды әлеуметтік жоба екенін атап өтті. Сон­дай-ақ олар бастамаға қолдау білдіріп, құрылыс жұ­мыстарының сәтті жүзеге асуына тілек­тестік біл­дірді.

– Бүгін  – ерекше қажеттілігі бар бар­лық спорт­шы үшін айрықша әрі маң­ыз­ды күн. Мемлекет бас­шысына ин­клю­зивті спорт­ты дамытуға көр­сетіп отырған қолдауы және еліміздің барлық өңі­­­­р­інде ма­ман­дандырылған спорт орта­лықтарын салу жө­нін­дегі баста­ма­ны жүзеге асырып жатқа­ны үшін ал­ғыс білдіремін, – деді Зүлфия Ғаби­дуллина.

Міне, осылайша, Жамбыл облысы тапсырма та­ла­бы нәтиже екенін көр­сетіп, игі дүниеге қадам ба­сып отыр. Бұл – сөз жоқ, бас бармақпен бағалауға тұрар­лық дүние. 

Саятхан Сатылған, Жамбыл облысы