Ауыл дамуы – «Әділет» партиясының басты назарында
«Әділет» партиясының Ақмола облыстық сайлауалды штабы Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарын сайлау қарсаңында үгіт-насихат жұмысын жүйелі түрде жалғастырып жатыр. Осы бағыттағы кезекті кездесу Сандықтау ауданындағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының бірі – «Белуха» шаруа қожалығында өтті.
Кездесу барысында партия өкілі еңбек ұжымына «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарын таныстырып, агроөнеркәсіп кешенін дамыту, ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыру, фермерлерді мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіру, ауылдық инфрақұрылымды жаңғырту және еңбек адамдарының әлеуметтік қорғалуын күшейтуге бағытталған бастамалар жөнінде жан-жақты баяндады.
Ауыл шаруашылығы – еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі мен экономикалық тұрақтылығының маңызды тірегі. Сондықтан біз үшін ауыл еңбеккерлерінің пікірін тыңдау, олардың күнделікті жұмысында кездесетін мәселелерді жан-жақты зерделеу және нақты шешімдер ұсыну – басты міндеттердің бірі. «Әділет» партиясы фермерлердің еңбегі лайықты бағаланып, ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы жақсаратын әділетті қоғам құру жолында жүйелі жұмыс жүргізуді мақсат етеді. Халықпен ашық диалог қана тиімді шешімдердің негізі бола алады, – деді өз сөзінде Құрылтайға үміткер Берген Беспалинов.
Еркін пікір алмасу форматында өткен жиында шаруа қожалығының қызметкерлері өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, ауыл шаруашылығын дамытуға қатысты ұсыныс-пікірлерімен бөлісті. Әсіресе, өндірісті жаңғырту, заманауи технологияларды енгізу, ауыл жастарын жұмыспен қамту және ауылдағы әлеуметтік нысандардың сапасын арттыру мәселелері кеңінен талқыланды.
Партия өкілі азаматтардың әрбір ұсынысы мен бастамасы назардан тыс қалмайтынын атап өтіп, халықпен ашық әрі сындарлы диалог орнату – «Әділет» партиясының басты қағидаттарының бірі екенін жеткізді.
Кездесу соңында қатысушыларға партияның сайлауалды бағдарламасы туралы ақпараттық материалдар таратылып, алдағы уақытта да ауыл тұрғындарымен тұрақты кездесулер ұйымдастырылып, тұрғындардың ұсыныстары мен пікірлері ескерілетіні айтылды.
«Әділет» партиясының Ақмола облыстық сайлауалды штабы халықпен тікелей байланыс орнатып, өңір тұрғындарының талап-тілегін тыңдау арқылы елдің орнықты дамуына бағытталған бастамаларды бірлесіп жүзеге асыру жұмыстарын жалғастыра береді.
Шығыс Қазақстанда трамвай паркінің ұжымымен кездесуде қоғамдық көлікті дамыту мәселесі талқыланды
«Әділет» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық сайлауалды штабының өкілдері трамвай паркінің ұжымымен кездесті. Кездесу барысында партияның 2026-2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылды.
Кездесудің негізгі тақырыптарының бірі – қоғамдық көлікті дамыту. Партия өкілдері сайлауалды бағдарламада қалалық көлік жүйесін одан әрі жетілдіруге ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті.
Бастамалар қатарында Алматы қаласында метро құрылысын жалғастыру, жылдам жүретін автобус бағыттарының (BRT) желісін дамыту, жаңа көлік-логистикалық тораптар құру және бірыңғай билет жүйесін пайдалана отырып, қала маңындағы көлік қатынасын жетілдіру көзделген. Алдағы уақытта тиімділігі дәлелденген шешімдерді Қазақстанның басқа да ірі қалаларында қолдану жоспарлануда.
Партия бағдарламасында шағын қалалар мен моноқалалардың көлік инфрақұрылымын дамытуға да ерекше мән берілген. Атап айтқанда, автобус парктерін жаңарту, елді мекендер арасындағы көлік қатынасын жақсарту, сондай-ақ жолаушылар вагондары мен теміржол пойыздарын жаңарту жұмыстарын жалғастыру қарастырылған.
– Біздің партия адал бәсекеге, жекеменшікті қорғауға және кәсіпкерлік бастаманы қолдауға негізделген экономиканы дамытуға бағыт ұстанады. Сайлауалды бағдарламада экономиканың дәстүрлі салаларын, соның ішінде энергетика, металлургия, көлік және агроөнеркәсіп кешенін технологиялық жаңғырту, сондай-ақ шағын және орта бизнесті дамытуға қолайлы жағдай жасау көзделген. Әкімшілік кедергілерді азайтуға, болжамды салық жүйесін қалыптастыруға, сондай-ақ өңірлердің тұрақты дамуының маңызды факторларының бірі ретінде отбасылық және жастар кәсіпкерлігін қолдауға ерекше назар аударылған, – деді қалалық штаб мүшесі Александр Светаш.
Кездесу барысында трамвай паркінің қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, сайлауалды штаб өкілдерімен көлік саласын дамытудың негізгі бағыттарын талқылады.
Өскеменде көлік саласын дамыту перспективалары талқыланды
«Әділет» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық сайлауалды штабының төрағасы, Құрылтай депутаттығына кандидат Жанат Мекеева «Досжан Темір Жолы» ЖШС ұжымымен кездесті. Кездесу барысында ол кәсіпорын қызметкерлеріне «Әділет» партиясының 2026-2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырды.
Кездесудің негізгі тақырыптарының бірі – көлік инфрақұрылымын дамыту. Жанат Мекеева партияның сайлауалды бағдарламасында еліміздің көлік жүйесін жетілдіруге ерекше мән берілетінін атап өтті.
Ұсыныстар қатарында жолаушылар вагондары мен пойыздарды кезең-кезеңімен жаңарту, жылдам жүретін автобус бағыттарының (BRT) желісін дамыту, жаңа көлік-логистикалық тораптар құру, сондай-ақ бірыңғай билет жүйесін енгізу арқылы қала маңындағы көлік қатынасын жетілдіру қарастырылған. Сонымен қатар бағдарлама шағын қалалар мен моноқалалардағы автобус парктерін жаңартуды, елді мекендер арасындағы көлік қатынасын жақсартуды көздейді.
– Көлік инфрақұрылымы – бұл тек жолдар, пойыздар мен автобустар ғана емес. Бұл – адамдардың күнделікті жайлылығы, жұмыс орындарына, білім мен медициналық қызметтерге қолжетімділігі, сондай-ақ өңірлер экономикасының дамуы. Сондықтан «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасында жолаушылар пойыздарын жаңарту, қоғамдық көлікті дамыту және ірі қалалармен қатар шағын елді мекендердің де көлік қолжетімділігін арттыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінген. Заманауи көлік шешімдері Қазақстанның әрбір тұрғынының игілігіне қызмет етуі тиіс деп есептейміз, – деді Жанат Мекеева.
Кездесу барысында кәсіпорын қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, көлік саласын дамытуға қатысты өз пікірлерімен бөлісті.
«Әділет» партиясы мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселесін тыңдады
Жетісуда мүмкіндігі шектеулі жандар «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасын қолдайды. Себебі, саяси ұйым ел халқының 3,7 пайызын құрайтын мүгедектігі бар азаматтарды жан-жақты қомқорлық көрсетуді көздейді. Дәл осындай ойды, Құрылтай депутаттығына үміткер Елдос Баялышбаев Талдықорған қалалық жағажайда мүмкіндігі шектеулі жандардың шеруінде сөз етті.
Облыс орталығында жалауын желбіреткен шарада «шектеулі» дегенді шектеу көрмеген қала тұрғындары «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы басымдықтарды ұрандатып, жағажайға келушілерге саяси ұйымның алға қойған жоспарын насихаттады. Құрылтай депутаттығына үміткер Елдос Баялышбаевтың айтуынша, партия мүгедектігі бар жандарға барша жұртпен тең дәрежеде білім алып, еңбек етіп, еркін жүріп-тұруына және өз өміріне қатысты шешімдерді өзі қабылдауына жағдай жасауды көздейді.
– «Әділет» партиясын мүгедектікті сырттай, проактив тәсілмен белгілеу тәжірибесін кеңейтеді. Соның арқасында азаматтар медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшелеріне бармай-ақ қызмет ала алады. Қаражат адамға ілесіп жүреді деген қағидатпен мүгедектігі бар азаматтар мен мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған отбасылар әлеуметтік, білім беру және оңалту қызметтерін көрсететін ұйымды өздері таңдай алатындай жеке әлеуметтік ваучерлер енгізіледі. Мүгедектігі бар азаматтардың мемлекеттік қызметтерге қол жеткізуіндегі коммуникациялық және цифрлық кедергілер жойылады. Міне, осындай басымдықтардан соң мүмкіндігі шектеулі жандар «Әділет» партиясын қолдайды, – деді үміткер Елдос Баялышбаев.










