«Таза бейсенбі»: тазалық – жауапкершіліктің жарқын үлгісі

Мәселен, Алматы қаласында «AMANAT» партиясы Алатау ау­дан­дық филиалының ұйымдас­ты­руымен «Шапағат» ықшамау­да­нын­да орналасқан «1941-1945 жыл­дары Отан үшін шайқасқандар ерлігі – мәңгі есте» ескерткіші ма­ңында абаттандыру және тазалық жұмысы жүргізілді. Іс-шара «Ар­дагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы шеңберінде қолға алынып, тарихи мұраларға құрметпен қарау, туған жерге жанашырлық таныту және қоршаған ортаны қорғау мә­де­ниетін қалыптастыру ісіне баса назар аударылды. Оның барысында қатысушылар ескерткіш аумағын қоқыстан тазартып, айналасын рет­ке келтіріп, гүл егіп, көркейту ж­ұ­мысын жүргізді. Мұндай игі іс­тер қала экологиясын жақсартып қана қоймай, тұрғындарды ортақ жауапкершілікке үндейді.

Іс-шараға Алматы қаласы мәс­ли­хатының депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Гүлжан Бекенова және Саяси ке­ңес бюросының мүшесі Ілияс Ома­ров қатысып, «Жастар Рухы» жас­тар қанатының өкілдерімен бірге тазалық жұмысына белсенді атса­лыс­ты. Іс-шара соңында «Кел, шай ішейік» акциясы аясында қатысу­шыларға шай мен тәтті тағамдар ұсы­нылып, жылы жүздесу ұйым­дас­тырылды.

Ал Алматы облысында Іле өзе­нінің бойындағы «Көшпенділер қаласы» мен «Таңбалы тас» шатқа­лының маңы қоқыстан тазарты­лып, жартастарға жазылған бейбе­рекет жазулар өшірілді. Акцияға 150-ге жуық адам қатысты. Олар­дың қатарында партия мүшелері, «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері, волонтерлер мен жер­­гілікті тұрғындар бар. Нәти­жесінде, 9 тоннадан астам қоқыс жи­налып, арнайы полигонға шығарылды.

«Іле бойы – өңірдің табиғи ажарын айқындап тұрған, көпшілік жиі келетін ерекше мекен. Алайда демалушылар саны артқан сайын бұл аумақта қоқыс көлемі де көбе­йіп, жартастарға бейберекет жазу қалдыру сынды келеңсіз әрекеттер белең алып отыр. Былтыр осы ау­мақ­та жүргізілген тазалық жұмысы кезінде 30 тоннадан астам қоқыс шығарылған еді. Биыл да мәселенің әлі күнге дейін өзекті күйінде қа­лып отырғанын көріп отырмыз. Сондықтан бұл акцияның басты мәні аумақты тазалаумен ғана шек­телмейді. Ең маңыздысы – аза­мат­тардың санасына тазалық мәде­ниетін сіңіріп, туған жерге деген жауапкершілікті күшейту», – деді «AMANAT» партиясы Алматы об­лыстық филиалының атқарушы хатшысы Серік Нұрқадыров.

«Жастар Рухы» жастар қанаты Алматы облыстық филиалының төрағасы Әділет Айтқазының ай­туынша, аумақтың ахуалы алаңда­тарлық жағдайда. 

«Өзен жағасында пластик бө­телкелер, тамақ қалдықтары, ора­ма­лар, шыны сынықтары мен тұр­мыстық қоқыс үйіліп қалыпты. Бұған қоса, «Таңбалы тас» шатқалы маңындағы жартастарда демалу­шы­лар қалдырған түрлі жазу да кө­бейген. Табиғи ландшафт пен та­рихи орынның көркін бұзатын мұндай көріністер бұл аумақтағы экологиялық мәдениет мәселесі­нің әлі де өзекті екенін көрсетіп отыр», – деді ол.

Ұйымдастырушылардың ай­туынша, Іле бойындағы тазалық мә­селесін тек қоғамдық белсенді­лердің күшімен шешу мүмкін емес. Бұл үшін туристік аймақтарда с­а­нитарлық инфрақұрылымды кү­шейтіп, қоқыс контейнерлерінің са­нын арттыру, бейнебақылау жүйе­сін орнату қажет.

Абай облысы Бородулиха ауда­нындағы 1,2 шақырым учаскеде санитарлық тазалық және абаттан­дыру жұмысы жүргізілді. Акцияға партия мүшелері, мәслихат депу­таттары, мемлекеттік қызметшілер, студенттер және жергілікті тұр­ғын­дар қатысып, ортақ іске белсенді атсалысты. Қатысушылар жол жие­гіндегі, қоғамдық аумақтардағы тұрмыстық қалдықтарды жинап, қоршаған ортаның тазалығын сақ­тауға өз үлесін қосты. Нәтижесінде 2,5 тоннаға жуық қоқыс жиналып, арнайы техника көмегімен бел­гіленген орындарға шығарылды.

Бородулиха аудандық мәслиха­тының депутаты, «AMANAT» пар­тия­сының мүшесі Виктория Мок­роусованың айтуынша, «Таза бей­сенбі» акциясы – бұл жай ғана тазалық іс-шарасы емес, тұрғын­дарды ортақ іске жұмылдыратын маңызды бастама.

«Бүгін біз аудан аумағын ретке келтіріп қана қоймай, қоршаған ор­таға деген жауапкершілікті арт­тыруға үлес қосып отырмыз. Мұн­дай акциялар елді мекендердің көр­кеюіне оң әсерін тигізіп, тұр­ғындардың экологиялық мәде­ние­тін қалыптастыру ісінде маңызды рөл атқарады. Сондықтан бұл ба­ғыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табады», – деді ол.

Бородулиха ауылының тұрғы­ны Еркежан Маутканованың пі­кірінше, аталған іс-шара тек таза­лық жұмысымен шектелмей, тұр­ғындарды ортақ іске жұмыл­дырады.

«Ауылда осындай тазалық іс-шаралары тұрақты түрде өткізіліп жатқаны қуантады. Оның нәтижесі де бірден байқалады. Таза, жинақы ортада өмір сүру – әр тұрғын үшін аса маңызды», – деді ол.

Павлодар облысы Ақтоғай ауда­нында «Жастар Рухы» жастар қа­на­тының өкілдері мен еріктілері жал­­­ғыз тұрып жатқан қариялардың үй аумағын абаттандырды. Акцияға қа­тысушылар тұрмыс жағдайын жақ­сартуға бағытталған кешенді ша­руашылық жұмыстарын қолға алды. Атап айтқанда, олар күл-қо­қыс, отын жинап, аулаларды та­за­лады. Осылайша, жалғыз тұрып жатқан 5 қарияға қолдау көрсетіліп, игі іс-шараға барлығы 20 адам қатысты.

Тілек ҚАБЫЛ