Смарт-есептегіш 500 үйге тегін таратылады

Газға қосылған үй иелеріне 500 за­манауи смарт-есептегіш тегін бе­ріліп, орнатылады. Ұйымдас­тыру­шы­лар тұрғындарға құрылғыны пай­­да­лану және газды қауіпсіз қол­дану ере­желері бойынша кеңес беріп жа­тыр. Жоба Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған атаулы көмек қа­ғи­датына негіз­делген: «Мем­ле­кет­тік қолдау шын мәнінде мұқтаж адам­дарға көр­сетілуі қажет». Мем­ле­кет басшысы атап өткендей, кез кел­ген әлеумет­тік көмек әділ, ашық жә­не тиімді болуға тиіс.

Дәл осы бағдар «Әділет» партия­сы­ның қызметіне де негіз болып отыр. Партия тұрғындардың мүддесін қорғау мен олардың күнделікті тұр­мыстық мәселелерін шешу ісін не­гіз­гі басымдық санайды. Ақылды есеп­тегіштер газ шығынын нақты есеп­ке алып қана қоймай, көгілдір отын­ды оны пайдалану барысындағы қауіп­сіздікті арттырады.

Бұл акция – ауқымды газдандыру жұ­мысының заңды жалғасы. Жергі­лік­­ті тұрғын, зейнеткер Ольга Ры­жо­ва ақпанның соңында үйіне газ тар­ты­лып, тұрмысы айтарлықтай жеңіл­де­генін және шығыны да азайғанын атап өтті.

– Газға қосылғаннан кейін шы­ғын­дарымыз айтарлықтай азайды. Смарт-есептегішпен одан да ыңғай­лы болады деген ойдамын. Себебі есеп­тегіш көрсеткішін үнемі телефон ар­қылы хабарлап отырудың қажеті бол­майды. Осы мәселе бойынша түр­лі мекемеге өтініш жасалған еді. Ақы­ры ол оң шешімін тапты. Бұл іске «Әділет» партиясы үлкен үлес қос­ты, – деді Ольга Рыжова.

Жабдықтарды орнату жұмысы күн суығанға дейін жалғасып, ұйым­дас­тырушылар осы әлеуметтік акция қо­рытындысы бойынша толық есеп ұсынады. Онда орнатылған есеп­те­гіш­тер мен қолдау көрсетілген отба­сы­лар саны қамтылады.

Бекбол АМАНГЕЛДІ