«Әділет» партиясы ауқымды акцияны қорытындылады

Бұл эстафета Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы­мен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық эко­ло­гиялық акциясы аясында ұйымдас­тырылды. Оның мақсаты – аумақтарды қоқыстан тазартумен қатар, табиғатқа және қоғамдық кеңістіктерге ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру.

Шығыс Қазақстан облысында эстафетаға қосылған Құрылтай депу­таты Ерлан Сайыр осын­дай игі істің маңыз­дылығына тоқталды. Оның айтуынша, мұндай акциялар қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау және тарихи ескерт­кіштерді сақтау мәде­ниетін қалыптастыруға ықпал етеді.

– Табиғатты қорғау тек мемлекеттік органдар­дың немесе коммуналдық қызметтердің міндеті емес, бұл – баршамызға ортақ іс. Сондықтан эко­логиялық мәдениет қалыптастыру ісін жас­тардан бастап, оған қоғамның барлық мүшесін жұмылдыру маңызды. «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасында да табиғатқа жана­шырлықпен қарау, қоршаған ортаны қорғау және елді мекендердің таза­лығын сақтау мәселелері қамтылды. Мұндай бастамалар осы қағидаттарды күнделікті өмірде жүзеге асыруға жол ашады, – деді Ерлан Сайыр.   

Road-эстафета тек қалаларда ғана емес, шалғай ауылдарда да жастарды біріктіргені туралы «Әділет» партиясы жастар қанатының өкілдері айтып берді.

– Біздің мақсатымыз – жол бойын­дағы қоқыс­ты тазалау ғана емес, қоғамда табиғатқа жанашыр­лықпен қарау мәдениетін қалыптастыру. Осы жолы төрт өңірдің жастары бір мақсатқа жұмылып, шамамен 1 800 ша­қы­рым жол бойын тазалады және 150 тоннадан астам қоқыс жинады. Осындай игі іс әр азаматтың туған жері­не деген жа­уап­кершілігін нақты іс ар­қылы көрсетуге мүмкін­дік береді, – деді «Жастар Рухы» жастар қа­наты төрағасының міндетін атқарушы Ержан Хамитов.

Аумақтарды тазалаумен қатар, эстафета аясында ауыл тұрғындарымен кездесулер өткізіліп, «Әділет» партия­сы­ның өкілдері алдағы жұмыста ескеру үшін олардың ұсыныстары мен өтініш­терін жинады. Сонымен қатар салауат­ты өмір салтын насихаттауға бағыт­талған «Чемпиондық рух» жобасы ая­сында спорттық іс-шаралар ұйым­дас­тырылды.

Қатысушылар тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғауға да ерекше көңіл бөлді. Олар «Вандализмге жол жоқ!» акциясы аясында Абай облысын­дағы Жидебай қорығының аумағы тазалап, Павлодар облысындағы Кем­піртас жартасын және Шығыс Қазақ­стандағы ежелгі Ақбауыр кешенін сақтау мен қорғауға шақырды.

Жалпы, экологиялық күн тәртібі «Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы басым бағыттың бірі саналады. Бұл бағыттағы жұмыс тек тазалық пен абаттандыру мәсе­лелерін ғана емес, табиғи және тарихи нысандарды сақтауды, сондай-ақ жас­тар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруды да қамтиды. 

Тілек ҚАБЫЛ