Шыныққан шымыр болар

Студенттермен бірге танымал қо­нақтар да жаттығу жасады. Жас­тарға IBO нұсқасы бойынша бокс­тан әлем чемпионы Жаңқош Тұраров, Nomad Fighting аралас жек­пе-жек лигасының президенті Мұ­хамеджан Қонысбеков, BARYS спорт қауымдастығының негізін қалау­шы Диас Абдулякимов және қалалық күрес федерациясының вице-президенті Данияр Охапов қолдау көрсетті. Ал кәсіби бокс бап­кері Әлішер Ертай мен ММА спортшысы Жұман Жұмабеков қа­тысушыларға жаттығу өткізді. Олар­дың жетекшілігімен мыңда­ған адам бір мезетте жаттығу жаса­ды.

Бағдарламаның ерекше сәті – полиция кинологтары қызметтік ит­тердің дағдыларын көрсетуі бол­ды. Жаттығудан кейін құқық қор­ғау органдары мен білім беру са­ласының өкілдері жастармен құ­қықтық жауапкершілік, қауіп­сіз­дік және жат әдеттердің зияны ту­ралы әңгімелесті. Бірлескен жат­тығу түрлі мамандық иелері мен әр жастағы қала тұрғындарын ортақ мақсат төңірегінде топтас­тырып, жастар арасында салауатты өмір салтына деген сұраныс жоғары екенін көрсетті.

Бекбол АМАНГЕЛДІ