Көкпардан Қазақстан чемпионаты өтті

Командалар төрт топқа бөлініп, алдымен іріктеу кезеңінде бақ сынады. Одан кейін плей-офф, жартылай финал және фи­нал­дық ойындар өтті. Шешуші бәсекеде Шымкент қаласы мен Жамбыл облысының командалары кездесті. Тартысты ойында шым­кенттік көкпаршылар 5:2 есебімен басым түсіп, чемпион атанды.

Жеке номинацияларда да Шымкент командасының көк­паршылары үздік шықты. Жанболат Балқыбай чемпионат бары­сында 19 салым салып, үздік сұрмерген атанды. Оның мінген «Араб қасқа» тұлпары «Үздік шабуылшы ат» номинациясын жеңіп алды.