Нәтижесінде, Қазақстан намысын қорғаған Софья Самоделкина ТОП-5-ке кірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ол шешуші еркін бағдарламасын мінсіз орындап, 137,56 ұпайымен маусымындағы жеке рекордын жаңартты. Қос бағдарламаның қорытындысы бойынша, Софья Самоделкина 198.59 ұпаймен 5-орынға тұрақтады.
Алтын. Ами Накаи (Жапония) – 236.81 ұпай
Күміс. Александра Игнатова (бейтарап) – 213.90
Қола. Рино Мацуике (Жапония) – 211.63
4-орын. Южае Ким (Оңтүстік Корея) – 204.28
5-орын. Софья Самоделкина – 198.59
Спортшы осы маусымда Алматыда өткен Денис Тен мемориалында қола медаль жеңіп алған еді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.








