Көгілдір отынмен қамтудың қарқыны артты

Қазір елдегі газдандырудың ең жоғары деңгейі сол отынды өн­­діретін батыс өңірлер екені бел­гілі. QazaqGaz ұлттық ком­па­ния­сының мәліметінше, Атырау, Ба­тыс Қазақстан және Маң­ғыс­тау облыстарында халықты газ­бен қамту көрсеткіші 100 пайызға жуық. Бұлардан бөлек, Алматы мен Шымкент қалаларында, сон­дай-ақ Ақтөбе, Жамбыл, Түр­кістан және Қызылорда об­лыс­тарында да көрсеткіш жо­ғары. Жетісу облысында газ­дан­дыру кейінгі жылдары қарқынды жүріп, 67,9 пайызды көрсетті. Та­лай жылдан бері бұл отынға ен­ді ғана қол жеткізген Астана қа­ласының да жағдайы жаман емес. Энергетика басқарма­сы­ның дерегінше, жеке тұрғын үй сек­торындағы 22 мың үйдің ша­мамен 20 мыңы газға қосылуға мү­мкіндік алған. Осыған байла­ныс­ты қаланың жалпы газбен қам­тылу деңгейі 95 пайыз шама­сында бағаланады.

Тек елде газ жағатын үй кө­бей­ген сайын жүйенің жүктемесі де артып барады. Оны статистика да көрсетіп отыр екен. Айталық, осыдан шамамен он жыл бұрын елдегі тауарлық газды тұтыну көр­сеткіші 13,7 млрд текше метр бол­са, 2020 жылы 16 млрд, 2022 жы­лы 19,3 млрд текше метрге жет­кен. Ал былтыр ел тұрғын­дары 21,6 млрд текше метр газ жақ­қан. Сайып келгенде 8 жыл­дағы өсім 50 пайыздан асып түсіп отыр.

© инфографика: Елдар ҚАБА

Мемлекет басшысының тап­сыр­масына сәйкес, енді газбен қам­ту көрсеткішін 2035 жылға қа­рай 80 пайызға жеткізу жос­пар­ланған. Осыған байланысты сала­лы министрлік арнайы Жол кар­тасын дайындап жатыр. Әзір­ге елді газдандыру жұмыстары 2035 жылға дейінгі Бас схема ая­сында жүзеге асырылып келе­ді. Бұл бағыт азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға, өңір­лер­дің әлеуметтік-экономи­ка­лық дамуын қолдауға және елдің энергетикалық қауіпсіздігін н­ы­ғайтуға бағытталған.

Ербол ТҰРЫМБЕТ