Газбен қамту жұмыстары жеделдетілмек

Депутат алдымен президент­тің газдандыру қарқынын же­дел­­детіп, халықты табиғи газбен қам­ту деңгейін 80 пайызға жет­кізу­ді тапсырғанын еске салып, бас­таманың маңызына тоқтал­ды. Өйткені газдандыру ауылға газ құбырын тарту ғана емес. Ол ауыл мен қала арасындағы тұр­мыс сапасы алшақтығын қыс­қар­туға, экологиялық жағдайды жақ­сартуға, жергілікті кәсіпті да­мытуға және өңірлердің эко­но­микалық тартымдылығын арт­тыруға жағдай туғызады. Со­нымен қатар энергетикалық қауіп­сіздікті күшейтіп, ауылдан қа­лаға көші-қон үдерісін тежеу­ге мүмкіндік береді.

– Осы тұрғыдан алғанда, бұл бас­тама «Әділет» партиясының сай­лауалды бағдарламасындағы «Өңірлер мықты болса – ел мық­­ты» басымдығымен де үн­де­седі. Бүгінде Алматы және Же­­­­­тісу облыстарын табиғи газ­бен қамтамасыз ету – өзекті мә­селенің бірі. Мемлекет бас­шы­сы да бұл мәселеге айрықша мән беріп отыр. Сондықтан өңір­­лердегі газдандыру жұмы­сы­на жаңа қарқын беруіміз қа­жет, – дейді Нұрбақыт Теңізбаев.

Атап айтқанда, депутаттың сө­зінше, Алматы облысында 27, Же­тісу облысында 44 газдан­дыру жобасының құжаттамасы әзірленген. Сонымен қатар тау­лы және шекаралық аймақта ор­наласқан Кеген, Райым­бек аудандарының тұрғындары мен әлеуметтік нысандарын қат­­ты отынға тәуелділіктен арыл­ту үшін стратегиялық маңы­зы бар «Ше­лек – Кеген – Нарын­қол» ма­гистралды газ құбы­ры­ның жо­ба­сы жасалған. Бұдан бөлек, Қо­наев қаласының жаңа аудан­дары мен инвестициялық ны­сандарын дамытуды көздей­тін «Жаңа Іле» автоматтан­ды­рыл­ған газ тарату стансасының жо­­басы қарастырылған.

Дегенмен депутаттың пі­кі­рін­­ше, аталған жобаларды іске асы­рудың ұзаққа созылу қаупі бар. Жобалық-сметалық құжат­та­малар бойынша мемлекеттік сарап­тама қорытындысы 2024 жы­лы алынған. Егер бұл жоба­лар­ды мемлекеттік бағдар­ла­ма­лар аясында қарастыру мерзімі ке­шіктірілсе, құжаттаманың ес­­­­кіруіне және оларды түзету мен сараптамадан қайта өткізу қажеттілігіне алып келеді. Бұл өз кезегінде жобаның бірнеше есе қымбаттауына және белгі­лен­ген мерзімде аяқталмауына әке­леді.

Сондықтан депутат аталған ми­нистр­ліктерден бірқатар ша­ра­ны талап етіп отыр. Мәселен, Ал­маты және Жетісу облысында әзір­­ленген газдандыру жоба­лары­ның техникалық құжаты ес­­кірмей тұрып, оларды мемле­кет­тік даму жоспары аясында ке­зең-кезеңімен іске асыру қа­жет. «Шелек – Кеген – Нарын­қол» магистралды газ құбыры мен оған қажетті инфра­құры­лым­­ды стратегиялық маңызы бар жобалар қатарына енгізу мә­селесін қарастырған жөн. Сон­дай-ақ Нұрбақыт Теңізбаев Қонаев қаласының қар­қынды дамуын ескере оты­рып, «Жаңа Іле» АГТС жобасын өңір­дің инфрақұрылымдық да­му жос­парына енгізуді ұсынып отыр.