Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азиада ойындарында ерлер арасында 4×100 метрге кешенді жүзу эстафетасынан іріктеу кезеңі өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасы сапында Айбат Мырзамұратов, Александр Румынский, Максим Сказобцов пен Максим Клименко өнер көрсетті. Іріктеу қорытындысы бойынша, Қазақстан командасы 3-орын алып, жарыстың финалына жолдама алды.
Айта кетейік, ақтық сындар бүгін өтеді. Жалпы, XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады. Қазақстан Ұлттық құрамасының сапында 558 спортшы қатысып жатыр. Олар жарыс бағдарламасындағы 35 спорт түрінен жүлдеге таласады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.









